ЕРЕКШЕ МЕШІТ САЛЫНДЫ
ЕРЕКШЕ МЕШІТ САЛЫНДЫ
31.08.2015 11:41
2488
0

Сингапурде сәулетшілерді таң қалдырған мешіт салынды. Сингапурдың солтүстік шығысында орналасқан «Ислах» атты жаңа мешіт Formwerkz сәулет орталығының жоспарымен салынған екен.

Бұл ерекше мешіт ғимараты 3 блоктан тұрады. Біріншісі – құлшылық залы, екіншісі – сауат ашу сыныптары, үшіншісі – әкімшілік зал. Әр блок ерекше көркем жазбалармен бөлініп, салынған.

Сәулетші Алан Тай: «Бұл мешіт Сингапурдағы ислам дінінің жаңа бейнесі іспетті ерекше құрылыс туындысы болып отыр», деді. 

e-islam.kz

0 пікір