Елімізге танымал теолог облыс мешіттерінде уағыз жүргізді (ФОТО)
Елімізге танымал теолог облыс мешіттерінде уағыз жүргізді (ФОТО)
08.08.2018 11:30
540
0

6-7 тамыз күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды қаласы «Әл-Машани» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі, теолог Қабылбел Жұмабеков Павлодар облысы «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, Екібастұз қалалық мешітінде болып, жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Жамағат алдында сөз алған білікті дінтанушы бүгінгінің басты мәселесі болып отырған жат ағымдардың себеп-салдары жайында, теріс пиғылды діни ағымдар мен дәстүрлі діннің ара-жігін ажырата білу керектігін түсіндірдіре келе, жастардың кемел болашақтың  кепілі екенін айтып, жас буынның көзі қарақты, ойы толысқан болуы әсте маңызды екенін жеткізді. Бұл жиында екі дүниенің сұлтаны болған – ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінен мысал келтіре отыра, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін тілге тиек етті.

Жиналған жамағат дін өкіліне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

 

0 пікір