ЕЛБАСЫ АТАҒАН ОН МІНДЕТ
ЕЛБАСЫ АТАҒАН ОН МІНДЕТ
10.01.2018 10:06
1939
0

«Мен жүзеге асыруымыз керек 10 міндетті көріп отырмын. Олардың мазмұны туралы қысқаша айтып өтсем.

Біріншісі - қазақстандық индустрия жаңа технологияларды енгізуде флагман бола білуі керек. Біз өнеркәсіпте өндіріс процестерін цифрландыру мен заманауи бизнес-модельдерді игеру арқылы еңбек өндірісінің деңгейін көтеруге тиіспіз.

Екіншіден, ресурстық әлеуетті қолдану тиімділігін барынша жақсарту керек. Қазіргі уақытта ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу талап етіліп отыр. Бұл шығарылатын өнімдердің үлесін арттыруға, оларды қайта өңдеу тереңдігін меңгеруге, сонымен бірге энергияны үнемдеуге және өндірістің экологиясының жақсаруына мүмкіндік береді.

Үшіншісі - агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру.  Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға серпін береді.

Төртінші - транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан ары дамыту. Цифрлық технологияларды енгізу мен Интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға және транзиттен түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді.

Бесінші - ТҮКШ және құрылыс саласында заманауи технологияларды қолдану. Құрылыс жүргізудің жаңа әдістері, ғимараттың энергияны үнемдеу талабын көтеру, инфрақұрылымдарды интеллектуалдық жүйемен басқару - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға жол ашады. 

Алтыншысы - «Банктік жүйелерді дамыту бақылаудың күшейтілуімен және қарапайым азаматтардың мүддесі үшін жүргізілуі керек. Банктерге иелік ететін адамдардың жауапкершілігін арттырудың маңызы зор.

Жетінші - адам капиталының жаңа сапасы. Білімнің барлық жүйесі заманауи талаптарға және экономиканың барлық қажеттілігіне жауап беруі тиіс.

Сегізінші - бұл тиімді мемлекеттік басқару. Цифрлық технологиялар бизнесті қайта реттеуді жалғастаруға, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет пен мемлекеттік қолдаудың сапасын арттыруға, азаматтардың қажеттілігін барынша есепке алуға мүмкіндік береді. 

Тоғызыншы - заңның үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Оныншы - «Смарт сити» технологиясының енгізілуі өсіп бара жатқан қалалардың мәселелерін тиімді түрде шешуге жол ашып, инвесторлардың қызығушылығын туғызады.

0 пікір