«Екібастұздың» бас имамы Атырау облысында болды
«Екібастұздың» бас имамы Атырау облысында болды
30.09.2019 14:20
189
0

«Екібастұз» қалалық мешітінің бас имамы, республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Бауыржан Отарбаев Атырау облысында болып қайтты. Ол Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы бойынша, бірнеше кездесу өткізді. Соның ішінде, «Жусан» операциясы бойынша Сириядан Қазақстанға қайтарылған жат ағымның жетегінде кеткен қандастарымызбен болған кездесулерді бөле-жара атап өткен абзал.

Сондай-ақ Бауыржан Отарбаев Атырау қаласындағы мешіттердің жамағаттарымен де кездесулер өткізді. Мәселен, орталық «Иманғали» мешітінің жамағатымен жүздескен ол келелі мәселелер төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге, Ақшам мен Құптан намаздары аралығында жамағатқа жат ағымға түсудің алдын алу туралы уағыз айтты.

«Қателесу – керегімді өзім үйреніп аламын деген ойдан басталады. Асылында, білімді ілім иесінен алған жөн. Бұл ретте білім іздеушіге мүфтият ұсынған ғалым, ұстаздар көмекке келе алады», – деп атап өтті РАНТ мүшесі Бауыржан Отарбаев.

0 пікір