ЕКІБАСТҰЗДАҒЫ ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ
ЕКІБАСТҰЗДАҒЫ ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ
08.08.2019 16:51
405
0

Дінімізде ең үлкен екі мейрамның бірі - Құрбан Айттың қарсаңында Екібастұз қалалық орталық мешітінде баспасөз ақпараттық құралдарының өкілдерімен кездесу өтті.  Мешітіміздің бас имамы Отарбаев Бауыржан Болатжанұлы журналисттерге Құрбан Айт жайлы мәліметтер айтып жеткізді. 

Биыл Құрбан айты 11-ші тамыз күні басталады. Айт намазы бірінші күні таңғы сағат 7:00-де оқылады. Намаздан кейін, мешіттің қасындағы арнайы қасапханада құрбан шалу басталады. Мешіттің ауласында ұлттық ойындар жүргізілетін болады. Құрбандықтың еттері қаламыздағы көпбалалы мұқтаж отбасыларына таратылатын болады. 

 

Қайрат ЕЛТІНОВ

 

0 пікір