Екібастұздағы Құрбан Айт мерекесі
Екібастұздағы Құрбан Айт мерекесі
12.08.2019 15:28
453
0

Екібастұз қалалық орталық мешітінде Құрбан Айт мейрамы Айт намазымен басталды. Қала әкімі жиналған жамағатты құттықтап, тілектерін айтты. Намаздан соң мешіт жамағаты жинаған ақшаға сатып алынған сиыр құрбандыққа сүйікті пайғамбарымыздың Мұхаммед (с.ғ.с.) атынан шалынып, еті медресе шәкірттеріне жіберілді. 

Мешіттің ауласында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, келген намазхандар мәз-мейрам болып қатысты. Қол күрес, гир көтеру, арқан тарту, қой көтеруден сайыстар өткізіліп, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді.
Қой көтеруден бірінші орын алған жігіт, ұтқан қойын қырбандыққа шаламын және етін көп балалы мұқтаж отбасыларына таратып беремін, деді. 
Жиналған халық барлығы риза болып, Айт мерекесі жылда осылай қызықты өткізілсе екен, деген тілектерін айтып тарасты. 

 

 

Қайрат ЕЛТІН

0 пікір