Екібастұздағы мәуліт мерекесі (ФОТО)
Екібастұздағы мәуліт мерекесі (ФОТО)
09.01.2017 15:09
2702
0

Қаңтар айының 08 жұлдызында Екібастұз қаласының «Өнер» ҚМО-да ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)-тің туған айына арналған Мәуліт мерекесі өткізілді. Мәуліт мерекесінде пайғамбарымыз Мұхаммед(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)-тің көркем-мінезі туралы видеофильмі көрсетілгеннен кейін Павлодар қаласының «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің найб имамы, ұстаз, қари Ербол Отанханұлы құран оқып бағыштады. Мерекелік кешті Қазақстан республикасының ақын айтыскері Арман Бердалин ағамыз бастап, келген жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтап «Екібастұз» қалалық мешітінің Бас имамы Бауржан Болатжанұлына берді. «Екібастұз» қалалық мешітінің Бас имамы Бауржан Болатжанұлы мұсылман қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап пайғамбарымыз жайында уағыз-насихат айтты, артынан мешіттің шәкірт қажы апалары ортаға шығып халыққа шашу шашты. Әкімшіліктен Екібастұз қаласының мәслихат хатшысы Болат Қайыржанұлы құттықтап сөз сөйледі. Павлодар қаласының «Мәшһүр Жүсіп» мешітінен келген найб имам, ұстаз Хасан Ташайұлы көпшілік қауымды өкіл имам Нариман Қажы Ермекұлы атынан құттықтап, пайғамбарымыз жайында уағыз-насихат айтты. Жүргізуші Арман Бердалин ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)-тің өмірбаянынан жамағатқа ұлағаттыда өнегелі әңгімелер айтып, өмірден әртүрлі мысалдар келтіріп өзінің «Жоқ іздеп жүрмін»,  - деген толғауын оқып халықтың қошеметіне бөленді. Мәуліт мерекесіне келген жамағаттың балалары арасында сұрақ-жауап (викторина) ойнатылды, сұраққа бәріненде тез және дұрыс жауап берген балаларға 1 орынға планшет, 2 орынға смартфон ұялы телефоны, 3 орынға 15 000 мың теңге, 4 орынға 10 000 мың теңге, 5 орынға 5 000 мың теңге және тағы да басқа бес балаға қосымша сыйлықтар үлестірілді.  «Мұрагер» пансионатынан келген шәкірттер салауаттар оқығасын Бас имам Бауржан Болатжанұлы келген жамағатқа алғысын білдіріп, рахмет айтты. Мәуліт мерекелік шара барысында «Өнер» ҚМО-да «Екібастұз» қалалық мешітінің әйел шәкірттері қайырымдылық жәрменкесін жасап келген қонақтарға дәмді тағамдарды және қолдан жасаған өз бұйымдарын халыққа ұсынды.

Мешіт тарапынан дайындалған автобустар жиылған жамағатты «Өнер» ҚМО-нан қалалық мешітке намазға әкеліп артынан «Үміт» мейрамханасына апарды. «Үміт» мейрамханасында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)-тің туған айы Мәулітке арналып мерекелік ас берілді. Мерекелік дастархан басында Павлодар қаласының «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің найб имамы, ұстаз, қари Ербол Отанханұлы Құран оқып бағыштап уағыз-насихат айтты. Мәуліт мерекесіне келген жамағат осындай мерекелік шара ұйымдастырған «Екібастұз» қалалық мешітінің өкілдеріне рахметтерін айтып жылы лебіздерін білдірді.

0 пікір