Екібастұздағы Мәуліт кеші
Екібастұздағы Мәуліт  кеші
04.12.2018 13:30
597
0

Екібастұз қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Өнер» қалалық мәдениет сарайында Мәуліт мерекелік кеші өткізілді. Кештің алдында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, одан түскен қаражат жағдайлары төмен отбасыларына көмекке жұмсалады. Мәдениет сарайының үлкен залы көрермендерге лық толды.

         Мерекені Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Отарбаев Бауыржан Болатжанұлы құттықтау сөзімен бастады. Әжелеріміз шашу шашып балаларды қуандырды. Мәуліт мерекесінде Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у.-ға арналған салауаттар, әндер, өлеңдер оқылды. Пайғамбарымыздың өмірбаянынан өнегелі үзінділер айтылды. Мұсылман отбасы жайлы қойылымдар қойылды.

         Кештің соңында аналарға, әжелерге раушан гүлдері сыйға таратылды. Келген халық ризашылықтарын білдіріп, рахметтерін айтып тарады.

 

Екібастұз қалалық мешіті

0 пікір