ЕКІБАСТҰЗДАҒЫ КЕЗДЕСУ
ЕКІБАСТҰЗДАҒЫ КЕЗДЕСУ
03.01.2023 15:49
1712
0

2022 жылдың соңында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының қатысуымен Екібастұз қалалық мешітінде жамағатпен кездесу болды. Кездесуде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы және Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы жиналған жамағатқа ауызбіршілік сабырлық туралы уағыз-насихат айтты.

 Мақсатбек Мақсотұлы Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Дулат Қабиденұлына төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жандарға көмек қолын созып, ерекше қолдау көрсеткені  айрықша алғыс, риясыз ризашылық ниетін айтқан Бас мүфти хазіреттің ерекше сәлемін жеткізіп алғыс хатпен марапатын табыс етті.

Сонымен қатар Екібастұз қаласы еріктілерінің бас жаршысы Шыңғыс Тұрсынұлына ел басына күн туғанда  риясыз көңілімен, аянбай күндіз-түні маңдай терін төгіп еңбек еткені үшін «Жыл жанашары» аталымы бойынша ҚМДБ-ы төрағасының алғыс хаты, умра қажылығына жолдама табыс етті.

 

 

0 пікір