Екібастұзда Мәуліт мерекесіне орай сайыс өткізілді (ФОТО)
Екібастұзда Мәуліт мерекесіне орай сайыс өткізілді (ФОТО)
13.11.2019 09:08
569
0

10 қараша күні Екібастұз қалалық мешітінде облыс мешіттерінің әйел шәкірттері арасында «Пайғамбарым – сүннетім» атты мәуліт кешіне арналған сайыс өтті. Оған 12 шәкірт қатысты. Ал сайысты тамашалауға 100-ге жуық адам жиналды.

Сайыс сұрақ-жауап, хадис айту, салауат айту және қолөнер бөлімдерінен тұрды.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды  Павлодар қалалық «Ақмешіт»  мешітінің шәкірті Хуатхан Елікжан иеленді. Екінші орын Екібастұз мешітінің шәкірті Әсем Жанділдинаға бұйырды. Тағы бір екібастұздық шәкірт Ботагөз Асқарова үшінші орынды қанағат тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ қонақтар мен қатысушыларға дастархан жайылды

Екібастұз қалалық мешіті

0 пікір