Екібастұзда Мәуліт мерекесі аталып өтті (ФОТО)
Екібастұзда Мәуліт мерекесі аталып өтті (ФОТО)
25.11.2019 16:14
251
0

«Өнер» мәдениет сарайында «Екібастұз» қалалық мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесіне орай кеш өткізілді.

Әйел шәкірттер және мешіт ұстаздары қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Үйлерінен әкелген тәтті тағамдар, қолөнер туындыларын сатылымға шығарды. Жәрмеңкеден түскен қаражатты қаладығы көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға азық-түлік алып беруге жұмсады.

Мешіттің наиб имамы Әбілдабек Хайролла жиналған халықты Мәуліт айының келуімен құттықтап, осы қасиетті айды атап өтудің мән-мағынасын түсіндіріп өтті.

Мерекелік кешті Қуаныш Шарманов және оның театрлық тобы жүргізді. Соңғы пайғамбар Мұхаммедке (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) салауаттар айтылып, діни әндер шырқалды. Тағылымдық қойылымдар көрсетілді.

Мерекелік кешке келген жамағат риза көңілмен тарқасты.

 

«Екібастұз» қалалық мешіті

0 пікір