ЕКІБАСТҰЗДА ӘЙЕЛ ШӘКІРТТЕР ЕРІКТІЛЕР ТОПТАРЫН ҚҰРДЫ
ЕКІБАСТҰЗДА ӘЙЕЛ ШӘКІРТТЕР  ЕРІКТІЛЕР ТОПТАРЫН ҚҰРДЫ
21.01.2020 14:31
1217
0

Екібастұз қалалық мешітінің ұстазы Шадиева Зауре Шамшидинқызы мешіттің  сауат ашу курсында оқып жүрген әйел- қыздар шәкірттерімен «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ»  тақырыбында іс шара өткізді.

Жиында «Еріктілер» тобының қызметі, мақсаты, міндеті, жұмыс барысы жайында түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Жиын соңында еріктілердің  3 тобы  құрылды.

1-    топ, «Жақсылық» тобы.

Жетекшісі: Шуақбаева Салтанат.

2-    топ, «Мейірім» тобы.

Жетекшісі: Рыспекова Үміт.

3-    топ, «Бірлік» тобы.

Жетекшісі: Бахтиярова Майра.

Әзірше әрбір  топта 14 шәкірттен барлығы үш топта  42  мүшесі бар.

Еріктілер бірден жұмыстарына кірісіп, мұқтаж жандарға азық-түлікпен көмек көрсетіп, медресеге және мешітке тазалық жұмыстарын жүргізе бастады.

 

 

Екібастұз қалалық мешіті

0 пікір