ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
11.06.2021 15:17
3263
0

Бүгінгі қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2021 жылдың маусым айының 10 күнгі 1031- бұйрығы бойынша  Матаев Дулат Қабиденұлы ҚМДБ-ның Павлодар облысы,  Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

ҚМДБ-ның Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы мешіт ауласында өткен жұма намазында  Екібастұз қалалық мешіті жамағаты алдында уағыз айтып, уағыздан соң аталмыш мешіт ұжымы мен жамағатқа жаңа бас  имамды таныстырып, жаңа қызметте табыс тіледі.

Облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы осы уақытқа дейін Екібастұз қалалық мешітінің бас имам қызметін атқарған Бауыржан Отарбаевқа  ҚМДБ-нан берілген  арнайы алғыс хатты табыс етіп,  иығына шапан жапты.

«Сіз  Павлодар облысы және Екібастұз қаласында  көп жылдан бері елеулі еңбек етіп келе жатқан танымал діни тұлғалардың бірісіз. Имамдық қызметін атқарып тұрған уақытыңызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына сүбелі үлес қостыңыз, діни саладағы қажырлы еңбегіңіз бен ізгі істеріңіз үшін Сізге айрықша алғысымды білдіремін!», – деп атап өтті бас имам. 

Ал жаңа тағайындалған бас имам Матаев Дулат Қабиденұлы осы Павлодар өңірінің тумасы, облыс жамағатына біршама танымал діни уағызшы, ғалым-аудармашы,  ауыл, аудан, қалалық мешіттерде бірнеше жыл бойы  имамдық қызметтер атқарған, тәжірибелі ысылған маман.

МАТАЕВ ДУЛАТ КАБИДЕНҰЛЫ    1972 жылы  Павлодар облысы, Шарбақты  ауданы, Қызыл-таң  ауылында туған.  Үйленген, 4-ер баласы бар.
 Жоғары діни білім бар.

▪ 1996-2004 жылы Пәкістан Ислам Республикасы Исламабад астанасындағы Халық Аралық Ислам Университеті. «Араб тілі және Ислам ілімі».

Зайырлы білімі:

▪ 2010ж.Талдықорған заң коледжі «Заңгер»
▪ 2010-2014ж. Семей қаласы Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті. «Тарих»

▪ 2016-2018ж.  Шәкәрім атындағы университетте «Филалогия» «Қазақ тілі және Әдебиет» факултеті
Іс - тәжірибесі: 

▪    2003 -2004ж. Пакистан Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде консул көмекшісі.

▪    2005-2009ж.  Павлодар қаласы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұстазы.

▪    2007-2008 ж. Павлодар мемлекеттік С.Торайғыров атындағы университетінің  "Мәшһүртану" ғылыми-практикалық орталығының  ғылыми қызметкері. Мәшһүр-Жүсіп КөпейұлыШығармалары. 14 – 15 –ші томдары (көне араб және көне шағатай тілдерінен аударды).

▪    2009-2011ж. Павлодар қалалық «Ақ мешіт» найб имамы.

▪    2012-2013ж.  Павлодар қаласы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің директоры.

▪    2013-2017ж.  Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің бас имамы.

 ▪   2017-2018ж.  Алматы қаласы, Медеу аудандық «Аманқұл ата» мешітінің найб имам.
 ▪   2018 жылдың ақпан айынан Павлодар қалалық «Бижан» мешітінің найб имамы.

 ▪   2018 жылдың қараша айынан Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр-Астана» мешітіне қарасты сауат ашу бөлімінің (Ислам орталығы) жауапты ұстазы.

 ▪  2019 жылдың тамыз айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы «Әлжан ана» мешітінде найб имамы

▪  2020 жылдың қазан айынан Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қосшы ауылы «Бөгенбай батыр» мешітінің елорда аумағының бас имамы.
- Орыс тілі , ағылшын, араб, урду тілдері – еркін , түрік тілін  аударма арқылы меңгерген.

 

 

 

 

 

 

0 пікір