ЕКІБАСТҰЗ МЕШІТІНДЕ: «КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ»
ЕКІБАСТҰЗ МЕШІТІНДЕ: «КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ»
23.03.2020 07:10
405
0

Екібастұз қалалық мешітінің шәкірттері арасында «Ата мұра» мәдениетүйінде "Келіндер сайысы"  өтті.  Сайысқа 9 шәкірт қатысты. Жалпы шәкірт саны -38 болды.

Жас келіндер өз ара таныстыру, киім үлгісі, сұрақ-жауап, шығармашылық өнер, қолөнер, аспаздық өнері бойынша сайысқа түсіп, қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлдеге Молдашева Мәдина лайық болды. Ал 1- орынды  Байханова Әсия қанжығасына байласа, 2,3- орындарға  Солтаналинова Балжан мен  Өтемісова Замира лайықты деп танылды.

Қалған қатысушылар   да Білімді, Өнерлі, Сәнді, Ақылды, Инабатты номинациялары бойынша марапатталып, сыйлықтар берілді.

Баршаға дастархан жайылып, үлкен апалардың батасын алып қуанышты көңіл күймен тарқасты.

 

 

Екібастұз қалалық мешіті

0 пікір