ЕКІБАСТҰЗ МЕШІТІНДЕ
ЕКІБАСТҰЗ МЕШІТІНДЕ
13.01.2020 14:28
1038
0

Екібастұз қалалық  мешітінің бас  имамы Отарбаев Бауыржан Болатжанұлы мешіттің наиб имамдары, қызметкерлері және мешіттің қасындағы асхана аспаздарымен бірге кеңейтілген жиналыс өткізді. Имам жиналысқа қатысқан қызметкерлерге 2020 жылдың жоспарын таныстырды және асханаға байланысты жаңа тапсырмалар берді.

Облыс бас имамның бұйрығы бойынша, биылдан бастап мешіттердің асханаларына келіп құдайы тамақ беретін адамдарға тек қана адал болған ас түрлерін әкелуді ұсынды. Себебі берілген ас пен жасалатын дұғалар қабыл болуы үшін дастарханға қойылатын тағамдар адал болуы керек. Ал егер де тағамдардың арасында адал емес ас түрлері араласатын болса – дұға да қабыл болмай қалуы да мүмкін. Сол себепті ас беруге тапсырыс жасаушыларға брошюра түрінде басылған түсіндірме парақшасы таратылады. Ішінде малдың қалай адал түрде сойылуы керектігі жайында және «Халал» сертификаты бар компаниялардың тізімі жазылған.

 

Екібастұз қалалық мешіті

0 пікір