ЕКІ ДІНИ ҚЫЗМЕТШІ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
ЕКІ ДІНИ ҚЫЗМЕТШІ  БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
09.03.2020 12:57
583
0

Өткен аптада «Ел үлесі-пәтерге!» науқаны бойынша Павлодарлық екі діни қызметші баспаналы болды.

Біріншісі, Ертіс ауданының тумасы, кәсіпкер Шайкенов Манарбек Асылбекұлы  аудандық «Ержан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып тұрған  жас кадрге  өз қаражатымен  баспана сыйға тартуы болса,  екіншісі Павлодар облысының өкілдігі «Ел үлесі-пәтерге!» науқаны бойынша жиналған қаржыға  «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде дәріс беретін жас ұстаздарға арнап  Павлодар қаласынан екі бөлмелі пәтер кілтін  медресе директорына табыс етуі болды.

Бұл баспаналар ҚМДБ-нан ұйымдастырылған «Ел үлесі-пәтерге!» науқаны бойынша беріліп жатқан 186 және 187-баспаналар болып табылады.

 

0 пікір