Дін мәселесі-қашанда өзекті (ФОТО)
Дін мәселесі-қашанда өзекті (ФОТО)
13.04.2018 09:21
2785
0

Дін мәселесі – қашанда өзекті. Қазіргі таңда Қазақстан тұрақтылық пен келісімді, төзімділікті сақтау мен насихаттау жұмыстары бойынша көптеген мемлекетке үлгі. Дегенмен, ұлт және діни мәселелер жөнінде туындап отырған жанжалдар, террорлық әрекеттер ұлттық қауіпсіздік мәселесін айрықша назарда ұстауды талап етеді. Осыған орай ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы Павлдар бизнес колледжінде студенттер, ұстаздар және жастар өкілдерімен кездесу өткізіп, уағыз айтты. Кездесуде Жолдас Қоспақұлы жастарға имани тәрбие туралы айта келе, бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе болған Исламдағы  жат ағым жолына түсіп кетпеуді, одан барынша сақтану жолдарын түсіндірді.

«Терроризм, экстремизм дегендерді уаххабистер, салафилер, жиһадистер, такфирлердің ісі деп білеміз. Олар өздерін мұсылман санағанымен, істеген істерінің бәрі хақ исламға қайшы келеді.Еліміздің тәуелсіздігіне сырттан этно-діни экстремизм мен радикализмнің әртүрлі нысандарының кіруі әлеуетті қауіп туғызады.  Жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында жіберілген қателіктер көпэтностық Қазақстан халқының этносаралық және мәдениетаралық төзімділік дәстүріндегі сабақтастықтың бұзылуына қауіп туғызуы мүмкін. Миллиондардың, тіпті, миллиардтардың қанымен келген тәуелсіздік, бүгінгі егемен елді саналы, салиқалы ұрпақ қана сақтап қала алады. Біз сол үшін күресуіміз керек»,-деді өкіл имам Жолдас Қоспақұлы жергілікті БАҚ өкілдері тілшілеріне берген сұхбатында.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір