ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТЫП, ДӘМ ҰСЫНДЫ
ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТЫП, ДӘМ ҰСЫНДЫ
31.07.2020 13:18
292
0

Күллі мұсылман халықтарының ең басты ұлық мейрамы-Құрбан Айт мерекесіне орай, Павлодар қалалық "Умар әль-Фаруқ" мешітінің әйел-қыздар және Жастар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы жалғасуда. Мешітіміздің ақ жаулықты аналары, ақ халатты абзал жандардың осы қиын-қыстау кездегі жасап жатқан еңбектеріне алғыстарын блдіріп, өз қолдарымен 10 келі бауырсақ пісіріп, ақбата тілектерін жаудыра отырып қалалық Жедел Жәрдем Ауруханасының СОVID-19 дертімен ауырғандарға қызмет етуші жандарға табыстады.

Сонымен қатар  науқастарға жеке тазалық жөргектері берілді.

Алла  Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей!

 

 

0 пікір