Дәрігерлер кофенің денсаулыққа қауіпті мөлшерін анықтады
Дәрігерлер кофенің денсаулыққа қауіпті мөлшерін анықтады
02.06.2015 09:57
1279
0

Дәрігерлер күніне еритін кофені төрт кеседен артық ішуге болмайтыны туралы ескерту жасады. Бұл тіпті дені сау адамдар үшін де қауіпті, деп хабарлайды The Daily Mail.

Кофені көп мөлшерде ішу әсіресе жүкті әйелдер мен жастар үшін қауіпті, олардың шегі – күніне екі кесе.
Жалпы алғанда кофеинді қолданудың максималдық қауіпсіз деңгейі 400 миллиграмм белгісінде тоқталып отыр (бір кеседе кофеде – 100 миллиграмға жуық). Эспрессоның бір кесесінде 80 миллиграмм кофеин бар. Алайда кейбір кофеханаларда кофеин мөлшері артық кофе сатылады, шектен асып кетпеу үшін бір ғана кесе жеткілікті. Талдау көрсеткендей, кофеханалардағы кофеин өнімдерінің айырмашылығы өте үлкен – кейбір кезде көрсеткіштер алты есеге көп.

Еуропалық азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі агенттігінің атап өтуінше, егер кофені мөлшерден артық ішсе, мазасыздық, ұйқының, жүрек ырғағының бұзылуы орын алады. Ал жүкті әйелдер дүниеге салмағы төмен, туа біткен белгілері бар балаларды әкелуі немесе түсік тастауы мүмкін.

Айта кетейік, кофеин тек кофенің құрамында ғана емес екенін ескеру керек. Осылайша, шайдың бір кесесінде 50 миллиграмм, Red Bull-дің бір банкасында – 80 миллиграмм, қара шоколадтың кішкентай плиткасында – 50 миллиграмға дейін, ал шоколад сүтінде – шамамен 25 миллиграмм кофеин бар. Сондай-ақ кофеинді әсерді күшейту үшін ауыруды сездірмейтін дәрілерге қосады.

0 пікір