ЧЕРНОРЕЦК АУЛЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ШАРА
ЧЕРНОРЕЦК АУЛЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ШАРА
13.02.2020 15:34
199
0

Аптаның екінші күні Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің ұйымдастыруымен Чернорецк  аулы кітапханасында ҚМДБ-ы құрылғанына 30 жылдық мерекесі және ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық  құрметіне арналып «Ислам-Тәуелсіз еліміздің рухани тірегі» тақырыбында мәдени шара ұйымдастырылды.

Шараға  облыстың қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Клышев Әбілқайыр,  «Әбу Шахман» мешітінің имамы Әлен Бауыржан,  облысқа танымал ардагер ақсақалдар Ульян Мақұл, Қуаныш Болатұлы,  «Батаменен ел көгерер» Республикалық байқауының жеңімпазы Балтабай Сыздықов қатарлы абыз ақсақалдар, сондай-ақ Павлодар ауданына қарасты мешіт имамдары, жамағат өкілі, зиялы қауым өкілдері,  ауыл әкімі, әкімдік қызметшілері, ауыл жастары мен  мектеп ұстаздары, оқушыларының  өкілі  қатысты.

Жиналған қауымға  ҚМДБ сараптамасынан өткен діни-әдеби 500-ге жуық кітаптардан құралған арнайы көрме ұсынылды.

Жиынға қатысқан зиялы азаматтар Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Мұқағали сынды ұлылардың мұраларынан мысалдар келтіре отырып жастар тәрбиесі, ұлт болашағы, дін тұтастығы, т.б. қоғамда көрініс берген өзекті мәселелер туралы ойларын  ортаға салды.

Кезекпен сөз алған қаланың бас имамдар мен ардагер ақсақалдар жастарға үлгі-өнеге боларлық тәлімді әңгімелер айтып, ізгі тілегі мен ниетін жеткізді. Ал батагөй ағамыз  Сыздықов Балтабай жиналған қауымды алқалы батамен алқады.Соңында көрерменді  өнерлі жастар ән-күйлерімен қарқ қылды.

Тәлімді де тағлымды өткен шараны «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапханашысы Назым Ғизатқызы игі тілек, мол табыстар тілеген құттықтау сөзімен қорытындылады.

"Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір