Cансызбай Шоқанов – Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы
Cансызбай Шоқанов – Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы
05.01.2018 12:49
365
0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Сансызбай қажы Шоқанов ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы қызметіне бекітілді.

«Сансызбай Құрбанұлы Шоқанов ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылып, осы бөлімнің меңгеруші міндетін атқарушы қызметіне тағайындалсын», – делінген Бас мүфти бұйрығында.

Сансызбай Құрбанұлы 1971 жылы 29 маусымда ОҚО, Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылында дүниеге келген. 1988 жылы аталмыш ауылда №29 орта мектепті бітірген.

1988-1993 жылдар аралығында Сарыағаш аудандық қоймасында жәрдемші қызметін атқарды. 1993-1994 жылы Алматы орталық мешітінде араб тілінен сауат ашқан.

1994 жылы Египет Араб Республикасы, Каир қаласындағы әлемге әйгілі әл-Азхар университетіне оқуға түсіп, 2004 жылы сол университеттің «Ислам шариғаты» факультетін бітірген. 2005 жылы Египет Араб Республикасы Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтына түсіп екі жылдық магистратураны бітірді. Онымен қатарлас 2005-2008 аралығында Мысыр Араб Республикасы Каир қаласындағы  «әл-Әзһар» университетінің жанындағы «Пәтуа комитетінде» пәтуа бөлімін бітірді.

2009-2010 жылдар аралығында Қазақстан аймағы бойынша  уағыз-насихатпен жүрді.

2010-2012 жылдар аралығында Ақтөбе облысы «Нұр-Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имам қызметін атқарды.

2013 жылдан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді.

2013-2014 Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған.

Қазіргі таңда Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша докторантураны оқып жатыр. ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің және РАНТ мүшесі. Алты баланың әкесі.

0 пікір