БҮЛДІРШІНДЕРДІ ҚУАНТТЫҚ
БҮЛДІРШІНДЕРДІ ҚУАНТТЫҚ
01.06.2020 15:18
226
0

Бүкіл әлемде 1 - ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтетін, халықаралық мейрамдардың бірі. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында «Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы»-ның арнайы сессиясында қабылданған екен.

Бұл күні елімізде  балаларды қуантатын әртүрлі шаралар көптеп  ұйымдастырылады. Әлбетте ондай игі шарадан рухани орда болушы мешіттер де қалыс қалған емес. Павлодар облысына қарасты қала, аудан мешіттері бүлдіршіндерге  мүмкіндігінше сый-сияпаттар жасауда.

Осы күні орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті және қалалық "Ғазиз" мешіті  80-нен астам балаға  ойыншықтар, тәтті –кәмпиттер толтырылған сыйлық пакеттерін үлестірді.

 

 

0 пікір