БІРЛЕСІП АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ КЕЛІСІЛДІ (ФОТО)
БІРЛЕСІП АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ КЕЛІСІЛДІ (ФОТО)
25.09.2020 10:12
1066
0

Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде бас имам Жолдас Қоспақұлының ұйымастыруымен  қала, аудан имамдарының арнайы басқосуы болып өтті.

Басқосуға облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Қоқанұлы Закарьянов және облыстық конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Раздыкова Гүлназ Мақсұтқызы қатысып дін мен мемлекет және жат ағымға қарсы іс-шаралар бағытында  әңгімелер өрбітіп, өзара кең көлемде  пікір алмасты.

Соңғы кездері елімізде дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салтымызға сіңген діни көзқарастарға үйлеспейтін түрлі пікірлер, ұстанымдар шыға бастады. Ешқандай қисынға келмейтін ұстанымдар, көңілге қонбайтын ойлар қоғамда қаптап барады. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылықтарымызға да өзінің кері әсерін тигізуде.

Ал жастарымыз болса теріс діни ағымдар, дәстүрлі діндерден іргесін аулақ салған, белгілі бір діни мақсатты көздейтін ұйым екендігін біле бермейді. Ал мұның салдарынан түрлі діни ағымдардың жетегінде кету арқылы отбасын ойрандатып, қоғамды шулатып, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне орасан зиян тигізуі әбден мүмкін.

Сондықтан басқосуға қатысқан мемлекеттік мекеме өкілдерімен, имамдарұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағым етегіне кетушілерді райынан қайтарып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, жат ағымның бірлікке емес, бүлікке алып баратын жол екенін түсіндіру тұрғысында бірлесіп атқаратын жұмыс жоспарын жасап, ой-пікірлерін бөлісті.

mazhab.kz

0 пікір