Бір күнде екі телеарнаға сұхбат берді
Бір күнде екі телеарнаға сұхбат берді
07.02.2018 16:35
1050
0

Елдің көз бен құлағы іспетті ақпараттық құрал арқылы асыл дініміздің ізгі қасиеттерін насихаттау бүгінгі заман талабы. Осы талаппен, облыстық  «Ертіс» және  қалалық «Ирбис» телеарналарынан  айына екі мәрте экранға шығатын  имани, діни бағдарлама  көп жылдан бергі  дәстүрлі қалпынан айнымақ емес. Халыққа жан азығын жеткізіп жатқан бағдарламаларға кешегі күні «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұстазы Қуанышбек Қазыбекұлы  «Ертіс» телеарнасының «Руханият» бағдарламасы арқылы «Бала тәрбиесі» тақырыбы бойынша:

 «Бала тәрбиесін әуелі неден бастауымыз керек?», «Бала тәрбиесінде арнайы әдістеме бар ма?», «Бала нәрбиесінде, не нәрсені басты назарда ұстау керек?», «Балаға имани, діни білім беру үшін неден бастау керек? қайда апарса болады?» - деген сұрақтарға, сондай-ақ

«Ирбис» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасы арқылы «Жұма – күннің сұлтаны» тақырыбы бойынша жұма қандай мағына береді және ол неге күндердің сұлтаны деген құрметке ие, жұма күні қандай әрекеттерді жасау дұрыс болады, ел арасында осы күнге қатысты тараған тыйым нәрселердің қаншалықты негізі бар, мәселен, жұма күні кір жууға болмайды, тырнақ алуға болмайды, үй жинауға болмайды деген секілді; жұма намазы  кімдерге парыз етілген, кімдерге қатысу міндет емес, жұма намазының ерекшелігі неде?,- деген сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, рухани әңгіме өрбітті.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір