Білім - таусылмас қазына!
Білім - таусылмас қазына!
28.12.2018 23:15
2273
0

Облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында «Білім-таусылмас қазына!» тақырыбында білім сайысы болып өтті. Жарысқа қаламыздағы  «Ақмешіт» және «Омар Фаруқ» мешіттерінің әйелдердің діни сауат ашу курсының шәкірттері қатысып, білімдерін сынады. Алдымен топ жетекшілері өз командаларын таныстырды, одан кейін әжелер жарыстың басталуымен құттықтап, шашу шашты.

Сайыс Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерін жатқа айту, Алланың 99 есімінің мағынасымен қоса айту және күнделікті өмірде жиі қолданылатын дұғалар оқу сынды кезеңдер бойынша өтті. Жарысқа қатысуға ниет білдірген алты топтан «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінгің «Хидаят» тобы бірінші орын, «Ақмешіт» мешітінің «Нұр Ислам» тобы екінші орын, «Омар Фаруқ» мешітінің «Имани гүл» тобы үшінші орын еншіледі. Сонымен қатар, басқа қатысушылар да арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, діни кітаптар сыйға берілді.

 

 

Ақерке Тұрғынбай,

«Мәшһүр Жүсіп»  мешітінің ұстазы

0 пікір