Білім беруді тиімді дамыту-ұстаз міндеті
Білім беруді тиімді дамыту-ұстаз міндеті
12.02.2018 10:06
1419
0

Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде "Әйел-қыздар" секторының Павлодар облысы бойынша сектор жауаптысы Қарлығаш Қажымәлікқызының ұйымдастыруымен «Білім беруді тиімді дамыту-ұстаз міндеті» тақырыбында өткен басқосуға  қала және аудан мешіттерінің әйел ұстаздар қатысты.

«Мәшһүр-Жүсіп»орталық мешітінің ұстаздары Тұрғанбай Ақерке, Кажуева Жұлдыз, қалалық «Ақмешіт» мешітінің ұстазы Негманова Сабина және «Екібастұз» қалалық мешітінің ұстазы Шадиева Зауре діни сауат ашу курстарының ұстаздары бірлесіп  2017 атқарылған іс-қызметтерінің есебін сараптап, ҚМДБның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің «Әйел-қыздар» секторының 2018жылы атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.

 Басқосуда  сектор басшысы Қарлығаш Қажымәлікқызы жақсы ұстаз туа болмайды, жүре болады дегендей ұстаздың үздіксіз өмір бойы білім алатын, жан-жақты үнемі ізденуші тұлға екенін және   ұстаздық қызметте шәкірттермен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігін айтып өтті.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қабаев Қанат 2017жылы атқарған жұмыстарына тоқталып, асыл дінімізді насиxаттауда әдептілікті сактауды,  дұрыс сөйлеу, мұсылманға сай іс әрекет көрсету, жамағатпен, шәкіртпен жақсы мамледе болуды, дініміз еліміз үшін аянбай қызмет қылуды айта келе  өкіл имам Нариман Ермекұлының атынан  ұстаздарға Алғыс хат табыстап, алдағы атқарылатын жұмыстарына  табандылық пен сәттілік тіледі.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір