БЕСҚАРАҒАЙ МЕШІТІНДЕГІ КЕЗДЕСУ
БЕСҚАРАҒАЙ МЕШІТІНДЕГІ КЕЗДЕСУ
20.01.2020 13:17
397
0

Павлодар облысы бойынша «Әйел қыздар секторы»-ның жетекшісі Абильдаева Қалдыгүл Аққулы ауданы, Бесқарағай аулы мешітінде әйелдер жамағатына «Намаз - адамның абыройы және шүкіршілігі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Оған ауылда тұратын біршама әйел, қыздар қатысты.    

 Қалдыгүл ұстаз өз уағызында: Дінімізде  балиғат жасына толған,ақыл есі дұрыс, мұсылман адамға намаз оқу парыз екендігін,  Алла Тағала Құранда "Расында намаз (адамды) арсыздықтан және жамандықтан (яғни,күнә саналатын жағымсыз қылықтардан тыйяды"(Анкәбут" сүресі,45 аят),-деп айтылғанын уағыздай келе намаздың басқа да көптеген қыры мен сыры, хикметіне тоқталды. Сонымен қатар намаз оқитын отбасында  береке-бірлік, татулық, молшылық, мейірімділік ұялайтынын, Жаратушыға арналған құлшылықтың төресі-намаз екендігін түсіндірді. 

Соңында әйел-қыздар жамағаты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алып, ризашылықтарын білдірді.

 

0 пікір