«БЕРЕКЕЛІ ЖҰМА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
«БЕРЕКЕЛІ ЖҰМА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
01.03.2021 09:31
229
0

Павлодар қалалық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің  «Зекет» қорының бастамасымен қасиетті жұма күніне орай жасалатын «Берекелі жұма» акциясы жалғасын тауып, көмекке мұқтаж 30 отбасына  азық-түлікпен көмек көрсетілді. Сонымен қатар қала көшесінде жол тазалау жұмысын атқарып жатқан 30 жұмысшыға түскі  ас әзірлеп ұсынды.

 «Алдағы уақыттарда  да  қайырымдылық жұмысын тұрақты жалғастыра беретін боламыз. Біздің ұйымастырып жатқан сауапты шараларға үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан кәсіпкер азаматтарға алғысымыз шексіз», - дейді облыстық мешіттің  «Зекет және қайырымдылық қорының» өкілі  Әбілдинов Сайран.

 

0 пікір