БЕРЕКЕ АУЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ
БЕРЕКЕ АУЛЫНДА  ЖАҢА МЕШІТ
17.02.2021 13:23
208
0

Өткен аптада Павлодар облысы, Ақсу ауданына қарасты Береке аулында жаңадан мешіт ашылды.

Мешіттің ашылу рәсіміне облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы, Ақсу ауданының  бас имамы Омаров Әбдімүтәли және ауыл әкімі, ауыл халқы қатысып ақсақалдар мен аналар құттықтау сөздер сөйледі, шашу шашылып, лента қиылды.  Сонымен қатар  мешітте алғашқы бесін намазы оқылып, намаз алдын ғибратты уағыздар айтылды.

Облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы ауыл халқына мешіттің маңызы мен мәні, құлшылық парыздары туралы уағыздар  айта келе, жаңадан ашылған Алла үйінің  іші  жамағатқа толып,  болашақ жастардың жүрегіне  иман нұрын  ұялататын құтты -құтхана болуын тілеп, дұға жасап, мешіт ғимараты тұрғызылуына үлес қосқан демеушілер мен құрылысшыларға алғыс білдірді.  Ал ауылдың  аталары  алғыс  батамен  алқады.

Бұл мешіт облысымыздағы 95-мешіт. Мешіттің жалпы аумағы 0,15 га. Мешіттің жалпы алаңы 206,7 м2 , намаз оқитын залы 132 м2.

 

0 пікір