БЕЛГІЛІ ДІН ҚАЙРАТКЕРІ ӘБДІҒАППАР СМАНОВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
БЕЛГІЛІ ДІН ҚАЙРАТКЕРІ ӘБДІҒАППАР СМАНОВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
01.07.2020 10:24
277
0

Елуді еңсерген шағында ел ағасы, белгілі дін қайраткері Әбдіғаппар Сманов дүние салды.

Әбдіғаппар Сманов 1970 жылдың ақпанында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келді. 1990-1994 жылдары Бекабад қаласындағы «Мағрифат» медресесінде (Өзбекстан) діни білім алды. 1994 жылдан бастап «Таяқты ишан» мешітінде бас имам және осы мешіт жанындағы медреседе ұстаздық қызмет жасады.

2010-2016 жылдары Сарыағаш медресе-колледжі директорының орынбасары, 2016 жылдың желтоқсанынан бастап Сарыағаш медресе-колледжінің директоры қызметін атқарды.

Әбдіғаппар Шәкірұлы Қазақ топырағындағы Ислам дінінің гүлденуі жолында елеулі еңбек атқарды. ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат тобы құрамында еліміздің бірқатар аймағында болып, жұртшылықпен жүздесіп, асыл дініміздің насихатшысына айналды.

Алланың рақымы, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты болғай!

0 пікір