«Бекбау ата» мешітінің жаңалықтары
«Бекбау ата» мешітінің жаңалықтары
29.04.2019 22:56
2342
0

Сәуір айының 26 жұма күні Қожамжар ауылдық «Бекбау ата» мешітінде ауыл тұрғыны Каринин Владимир Ислам дінін қабылдап, мұсылмандыққа бет бұрды. Мешіт имамы Нұртанов Дәурен жиналған жамағат алдында Владимирге дінді насихаттады. Владимирдың құлағына азан айтылып мұсылманша Ислам есімі берілді. Мешіт атынан куәлік беріліп, жайнамаз сыйланды. Жиналған жамағат дінге жаңадан келген бауырымызға жылы лебіздерін білдіріп, ақсақалдар батасын берді. Мешіт имамы бауырымызға Ықылас сүресін түсіндіріп, жаттауға берді.

Қожамжар ауылында тек адал өнімдермен жұмыс жасайтын дүкен ашылды. Дүкеннің ашылуына себепкер болған Ногер Айбек деген ауыл азаматы тек адал саудамен айналыссам дейді. Айта кетерлік жайт, Ақтоғай ауданы бойынша бұл дүкен адал өнімдерді ғана сататын жалғыз дүкен.

 

0 пікір