«Бекбау ата» мешітінің жаңалықтары
«Бекбау ата» мешітінің жаңалықтары
08.11.2018 13:03
351
0

  Қараша айының 1-ші жұлдызында Ақтоғай ауданы, Қожамжар ауылдық «Бекбау ата» мешітінің имамы Нұртанов Дәуреннің бастамасымен қарттар күніне орай мәдениет үйінде «Қарттар асыл қазынамыз» атты дөңгелек үстел өткізілді. Айтулы шара қарттарды сыйлау жайлы бейне роликпен басталды. Мешіт имамы «Исламдағы қарттардың орны» жайлы уағыз айтып, сұрақтарға жауап берді. Кейін ауыл ардагерлерінің төрағасы жастарға насихат айтып, батасын беріп, шараны түйіндеді.

  

 2-ші қараша жұма күні Қожамжар ауылдық «Бекбау ата» мешітінде жұма намазынан кейін мешіттің алқа мүшелері жиналып, 2019 жылғы шаралар жоспарын талқылады. Жиналыстың басты тақырыбы «Ислам және өркениет» газеті және «Иман» журналына жазылу жөнінде өрбіді. Сонымен қатар, мешітке келетін намазхандарға сабақ кестесін құрып, білімдерін арттыру жайы тілге тиек етілді.  Жиналыстан кейін ауыл тұрғыны Сыздықов Русланға қайырымдылқ ретінде киім үлестірілді. Және де мешіт шаруашылығы бойынша мешіт қабырғасына имандылық тақтасы ілінді.

 

0 пікір