«Бекбау ата» мешітінде
«Бекбау ата» мешітінде
15.06.2017 19:46
2321
0

Ақтоғай ауданы, Қожамжар ауылында оқушылардың жазғы демалысы басталысымен«Бекбау ата» мешіті  имамы Дәурен Оразбекұлы оларды діни сауат ашу курсына қатыстырып, бүгінде 10-15  бұл бала тұрақты білім алуда. Олар намаз оқып үйреніп, имандылық тақырыбында дәрістер тыңдауда. Жуырда   шәкірттер  аудандық «Жандарбек» мешіті шәкірттерімен футболдан достық кездесу өткізді. Екі команда арасындағы ойын аса қызықты да тартысты болып өтті. Нәтижесінде «Жандарбек» мешіті шәкірттері ұпай санымен алға шықса, шәкірттер арасынан «Қожамжар» мешітінің бір шәкіртіне «Үздік ойыншы» ретінде арнайы кілем сыйға тартылып, басқа ойыншыларға да «Алғыс хаттар» табысталды.

Сонымен қатар ауыл имамы Нұртанов Дәурен  шәкірттерімен бірге ауылдағы мәдениет үйінде жабдықталған өлкетану мұражайын тамашалап, өз еліміздің, облыс, аудан, ауыл тарихына қатысты өнегелі мәліметтерді,  ауылдан шыққан ардагер аталарының ерлік-еңбек жолдарынан  әңгімелеп берді.

Қасиетті Рамазан айында  өзгелерге үлгі-өнеге  болатын игі істер саны арта берсін!

«Бекбау ата» мешіті

0 пікір