Бас мүфти Павлодарда
Бас мүфти Павлодарда
16.08.2019 15:34
725
0

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз іссапармен Павлодар қаласында болды.  Мүфти хазіреттің сапары қасиетті жұмаға дөп келгендіктен  орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жұма намазына  жиналған мыңдаған  жамағаттың  алдында адамгершілік,  қайырымдылық, мейірімділік, зекет парызы, садақа сауабы туралы кеңінен уағыз толғады.

Келесі кезекте   хазірет Серікбай қажы жұма намазын жүргізді.  Намаз қасиетті Құран аяттары оқылып, дұға жасаумен аяқталды.

Намаздан кейін  құлшылықтың қабыл болуын тілеп қол ұстасып амандасуға асыққан жамағаттың алдында  Отанымызға тыныштық, елімізге амандық, әрбір отбасына жақсылық, береке-бірлік тілеп дұға жасады. Мешітке келген ақсақалдар мен жастарға көңіл бөліп олармен амандық-саулық сұрасып, риясыз ниетін білдірді.

 

 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір