Бас мүфти көмекке зәру жандарға қаржылай көмек көрсетті
Бас мүфти көмекке зәру жандарға қаржылай көмек көрсетті
02.07.2015 12:34
895
0

Рамазан айының құрметіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан ашылған «Зекет қоры» мен Алматы қаласы орталық мешіті бірлесе отырып, «Рамазан – тартуы» акциясы аясында жағдайы төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсетті.

Алматы қаласы Орталық мешітінде өткен игі шараға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, адамдарға көмек қолын созу - сауабы мол іс екенін тілге тиек етіп, батасын берді. Аталған шараға рамазан айында әр өңірде жалғасын табуда.

Бұл акцияға әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасы қатысты.

Ғ. Әуелбекова, Шаңырақ ықшам ауданының тұрғыны:     

- Күйеуім жалғыз өзі жұмыс жасайды. Өзім 9 баламен үйде отырмын. Шаңырақ ықшам ауданында пәтер жалдап тұрамыз. Күйеуімнің тапқаны жетпей қалады. Міне, осындай өтпелі кезеңдерде қаржылай қолдау көрсетіп жатқан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен жомарт жандарға шексіз алғысымды айтамын.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz

 

0 пікір