БАС МҮФТИ БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРЫ ЖӘНЕ САЙТ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)
БАС МҮФТИ БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРЫ ЖӘНЕ САЙТ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)
23.10.2018 15:02
1064
0

Бүгін еліміздің ақпарат саласында қызмет етіп жүрген баспасөз хатшылары мен сайт жетекшілеріне ақпарат саласын дамыту, жетілдіру мақсатында екі күндік семинар басталды. Семинарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысушыларға сәттілік тілеп:

«Қоғамдағы адамзат атаулыға бауырмал болуды, дұрыс пен бұрысты ажыратып жеткізетін сіздер болғандықтан, оларға рухани серпін бере білуіміз керек. Қоғамда қайшы көзқарастардың орын алмауына өз тарапымыздан септігімізді тигізуіміз тиіс»,- деп сөзін түйіндеді.

Сонымен қатар, ҚМДБ ғаламтормен жұмыс секторының меңгерушісі Мұрат Манапұлы ғаламтор саласы бойынша жұмысты жетілдіруге бағытталған ҚМДБ-ның арнайы тұжырымдамасын таныстырды. Ал, ҚМБД баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы ақпаратты таратудың әдіс-тәсілдері жөнінде бірқатар нұсқамалар берді. 

Семинар соңында көптеген ұсыныстар айтылып, оларды жүзеге асырудың жолдары қарастырылды.

muftyat.kz

0 пікір