БАС КЕҢЕСШІ ПАВЛОДАРДА
БАС КЕҢЕСШІ ПАВЛОДАРДА
26.01.2020 15:17
927
0

ҚМДБ-ы төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораздың бас кеңесшісі Алсабеков Мұхаммед –Хусейн қажы Османұлы  арнайы сапармен Павлодар облысында болды.  М.Алсабеков облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде болып жамағатпен кездесіп, имандылық тақырыбында кең көлемде уағыз айтты. «Бірлікке әр түрлі жолмен бару мүмкін емес. Оған бастар жол біреу ғана. Ол сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ұстанған жол. Онда ақида, сенім дұрыс болды. Соның нәтижесінде тарихында бірлік болып, дінін, жерін сақтап қалды. Шариғат бойынша сенім дұрыс болса, амалымыз дұрыс болады. Онда ең маңызды нәрсе - сенім», - дейді М.Алсабеков.

Соңында  жамағаттан қойлыған әртүрлі сұрақтарға жауап берді.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір