БАС ИМАМ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
БАС ИМАМ  ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
29.09.2021 12:18
364
0

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланының 5512  әскери бөлімінің жас сарбаздарымен кездесу өткізді.

 Кездесуде  жастардың жат ағымның ықпалына ілесіп кетуден сақ болу,  эстремизм, терроризм, радикализмнің алдын алу,  жастар  арасында белең алып бара жатқан өзіне қол жұмсау-суицид мәселелері көтеріліп,  суицидтің мағынасы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар жас сарбаздарға  өзіне -өзі қол салу шариғатқа қайшы үлкен күнә екендігін, әрбір жас сарбаздың басты міндеті Отанын қорғау екендігі  туралы хадистермен мысал келтіріліп, қасиетті борышын адал атқару туралы айтылды.

 Соңында сұрақ-жауаппен кездесу аяқталды.

 

 

0 пікір