БАС ИМАМ С.ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ
БАС ИМАМ С.ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ
25.02.2020 18:16
147
0

Павлодар  облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы облыстық діни істер басқармасының мамандарымен бірлесіп С.Торайғыров  университеті студенттерімен кездесті. Кездесуде қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – жат ағымның алдын алу, жат ағымдардың қоғамға тигізер зардаптары жайлы жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар Отанға сүйіспеншілік, ата-ананың разылығына жету, дінді дұрыс ұстану, айналасындағылармен көркем мәміледе болу, бос уақытты тиімді пайдалану жолдары, білім алу секілді тәрбиелік мәні бар мазмұнды тақырыптар төңірегінде  кең көлемде уағыз-насихат айтты. Осы тақырыптар аясында өнегелі өсиеттер, ғибратты әңгімелер, өмірлік мысалдар келтіріліп, студенттер тарапынан қойылған көптеген   сұрақтарға  нақтылы жауап берілді.

 

 

0 пікір