Бас имам «Нұр-Мүбәрак» университетіндегі павлодарлық студенттермен кездесті
Бас имам «Нұр-Мүбәрак» университетіндегі павлодарлық студенттермен кездесті
11.11.2019 08:41
411
0

7 қараша күні Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқып жатқан павлодарлық студенттермен кездесті. Жалпы, мұндай кездесулер игі дәстүрге айналған.

Бас имам студенттердің оқу үлгерімі, тәртібі туралы әңгімелесті. Сондай-ақ ынта-ықыластың бәрін оқуға аудару керектігін ескертті. Бас имам студенттерді жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, Павлодар облысына келіп қызмет етуге шақырды. Осылайша, облыстағы кадр мәселесін шешуге атсалысуға үндеді.

0 пікір