БАС ИМАМ «ИРБИС» ТЕЛЕАРНАСЫНДА
БАС ИМАМ «ИРБИС» ТЕЛЕАРНАСЫНДА
23.03.2020 07:13
165
0

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы қалалық  «Ирбис» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасына сұхбат берді. Бас имам сұхбатында қазіргі әлемді алаңдатып отырған короновирус туралы, жалпы осындай жаппай індет туралы дінде не дейді, Пайғамбар(с.ғс)-ымыз заманында осындай оқиғалар болды ма,  Мекке қаласына неше рет кіруге шектеу қойылғаны туралы, қасиетті Қағба  ислам тарихында неше рет жабылғаны туралы әңгімелей келе ҚМДБ –ның ҮНДЕУІН  насихаттап, халықты сабырлыққа шақырып,  қиыншылықтан кейін жеңілдік берсін дей келе:

«Өмір – сынақ мекені. Ал мұсылманның мұраты – сынақты сауапқа айналдыратын амал жасау болмақ. Ол үшін сындарлы сәтте бір-бірімізге жақсы сөз айтып, көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасап, мол сауап алуға асығайық!

Тазалық пен имандылық – егіз ұғым. Сондықтан жұқпалы індеттің алдын алу үшін тазалық шараларына аса мән беруіміз керек.  «Бақара» сүресінің 153-аятында Алла Тағала құлдарына сабырға жеңдірген адам Алланың разылығы мен рақымына ие болатыны туралы ескерткен. Ендеше уақытша сынақты әуелі Алланың жәрдемімен, иманымыз бен бірлігіміздің арқасында жеңіп шығатынымызға көбірек үміт артайық.  

 Алла Тағала Отанымызды, күллі адамзат баласын жұқпалы індеттен аман етіп, өз панасында сақтасын, баршаңызға Алланың амандығы мен берекетін тілеймін»,-деп бітірді.

 

0 пікір