Барлық қажылар екпе салдыруға міндетті
Барлық қажылар екпе салдыруға міндетті
06.08.2015 15:40
789
0

Менингит ауруына қарсы Сауд Арабияның 20 медициналық орталығына 2 млн вакцина таратылып, алдағы уақытта елге зиярат етіп келетін қажыларға салынатын болады, деп хабарлайды елдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Абдулазиз ибн Сайд.

«Қажылық маусымы жақындап келеді. Осыған байланысты біз жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакцина салу дайындықтарын жасап жатырмыз. Вакцина салдырған қажылар өздерімен бірге  вакцина салдыру туралы құжатын алып жүруі керек. Себебі, қажылық маусымында қажылардың вакцина салдыруы қадағаланатын болады. Бұл өз кезегінде елге келушілердің денсаулықтарының қалыпты күйде қайтуларына байланысты ұйымдастырылп отырған шара» деді Абдулазиз ибн Сайд.

Атап кетсек, Сауд Арабия қажылардың денсаулығын қадағалау мақсатында әлемдегі барлық ауру түрлерін зерттеп, оларды алдын алудың қамын жасауда.

www.e-islam.kz

0 пікір