«Бала тәрбиесі – ұлт болашағы» атты семинар
«Бала тәрбиесі – ұлт болашағы» атты семинар
19.12.2018 14:16
1333
0

Қалалық «Ақмешіт» мешітінің әйелдер-қыздар діни сауат ашу курсының шәкірттері және белсенді әйел-қыздар жамағатының  қатысуымен «Бала тәрбиесі – ұлт болашағы» атты тақырыпта семинар өткізілді. Мешіт ұстазы Қалдыгүл Белесқызының ұйымдастыруымен өткен бұл семинарға «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұстазы және облыс бойынша «Әйелдер-қыздар секторының» меңгерушісі Қарлығаш Қажымәлікқызы қатысты.

Отырыста өмірде жиі кездесетін отбасылық тәрбиеге байланысты ситуациялық сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алды. Шәкірттер өз кезегінде  ата-ана мен бала арасындағы кездейсоқ болатын оқиғаларға байланысты қойылымдарын тамашалатты.

Имандылық жолына түскен  әйел жамағатына әйгілі сахабалар туралы шығармалар сыйға тартылды.

 Отырыс соңында ақ дастархан жайылып, семинарға қатысқан  әйелдердер ұстаздарға алғысын білдірді.

 

 

0 пікір