БАЛА ҚЫМБАТ, ТӘРБИЕСІ ОДАН МАҢЫЗДЫ
БАЛА ҚЫМБАТ,  ТӘРБИЕСІ  ОДАН  МАҢЫЗДЫ
24.02.2020 15:39
369
0

"Мәшһүр Жүсіп" орталық мешітінде әйел қыздар секторының ұйымдастыруымен "Бала қымбат болса баланың тәрбиесі одан да қымбат"деген тақырыптағы іс шара өтті. Исламның дамуы үшін жасалған үлкен қызмет қайырлы ұрпақ тәрбиелеу болғандықтан, ер азаматтың шаңырағы мен бала-шағасының бақташысы болған аналарға бала тәрбиесіне байланысты   пайдалы ақпараттар беру беру мақсатында өткізілді.

Шара бас имам Жолдас Қоспақұлыныңи сенбілік уағызымен басталды. Қонаққа балалар да шақырылып, ойын түрінде  қызықты сұрақтар қойылып, сыйлықтар берілді. Мешіт ұстазы Тілеу Нұрила "Исалмдағы бала тәрбиесі" тақырыбында уағыз айтты. Логопед Қанатбек Айнұр бірнеше логопедиялық жаттығулар көрсетті. Психолог Закерия Ерке баланың психологиясына тоқталып, баланың әр жастағы ерекшелігіне байланысты тәрбие беру түрілерімен таныстырды. Жас аналарға көптеген құнды ақпараттар берілді. Жас аналар мамандардан бала тәрбиесіне байланысты сұрақтарына жауап алып, шара хафиза ұстазымыз Бертімұрат Жадыра Құран оқып, апалардың жас ұрпаққа батасымен аяқталды.

 

0 пікір