Ауызашар жалғасуда
Ауызашар жалғасуда
09.01.2019 15:38
494
0

Пайғамбар (с.ғ.с) сүннетін берік ұстанатын жамағатқа арнап өткен жылдың қазан айынан басталған Павлодар қалалық мешіттерінің кезекті  ауызашары алдыңғы аптада қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде ұйымдастырылған болса, осы аптаның дүйсембі күні Павлодарский аулындағы «Қасым қажы» мешітінде жалғасын тапты. Қаладағы барлық мешіттердің сүннет ораза ұстаған жамағатын түгелдей ауызашарға шақырған   «Қасым қажы» мешітінің ұжымы және сондағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің шәкірттері келген жамағатты аяғынан тік тұрып күтіп алды.

Ауызашарға жиналған жамағатқа өкіл имам Жолдас Қоспақұлы  тәлімді уағыз айтса, мешіт имамдары бабалар рухына Құран бағыштап, келелі бата-дұғалар жасап, ел халқының бейбіт-тыныш, амандығын тіледі.

«Мұсылман жамағатының бір-біріне деген сенімі, бауырмашылдығы мен береке-бірлігін арттыру, жат ағым жолында жүрген бауырларын өзіне тарту, оларға дұрыс жолды көрсету –бүгінгі таңдағы мешіт имамдарының басты назарында болса өткізіліп жатқан аталмыш шаралар осы мақсатты жүзеге асыру жолының бір парасы болмақ»,-дейді өкіл имам Жолдас Қоспақұлы.

 

 

0 пікір