Ауыл мешіттеріндегі Айт мерекесі
Ауыл мешіттеріндегі Айт мерекесі
07.06.2019 09:01
581
0

Саты аулы мешітінде

«Саты» аулы мешітінің жамағаты  қасиетті Рамазан айын лайықты қарсы алып, қимай шығарып салды. Рамазан айының әрбір күнінде  жамағат үйлерінде ауызашар беріп, өзара шақырысып, Құран оқып, дұғада болды. Мешітте үзбей 10-15 жамағат және шәкірттер тарауық намазын жүргізіп отырды. Сонымен қатар Рамазан айы қарсаңында болған мемлекеттік және басқа да той мерекелерге, әртүрлі жарыстарға  жамағатымыз мешіт атынан белсенді  қатысып тұрды. Мешіт демеушісі Аманай бастаған көкпар командасы Таразда өткен Республикалық турнирге барып қатысып келді. Олар жүлделі 8-орынға ие болып ауыл тұрғындары мен мешіт жамағатын қуанышқа бөледі.

Ораза Айт намазы айттың алғашқы күні таңғы 07.00 сағатта басталды. Айт намазына ауыл тұрғындары түгелге жуық қатысты.  Намаз алдын мешіт имамы Жасболат қасиетті Рамазан айы және айт мерекесі туралы кең көлемде уағыздар айтып, шәкірттер Құран оқыды. Айт намазы өткенен кейін жамағат мешітте Айт дастарханында бас қосты. Ұлық мерекеде мерейіміз тасып, келесі жылға аман- есен жетейік! Ораза Айты құтты болсын!

 

Жаңабет мешітіндегі айт намазы

Жаңабет мешітінде тан атысымен мешіт имамының Құран оқуымен Айт намазға ауыл тұрғындары түгелдей келді. Шағын уағыздан соң Айт намазы оқылды. Ақсақалдар бата тілектерін айтып иық қағысып келесі Рамазанға аман есен жетейік деген тілек айтысты.  Айт намазға келген жамағатқа мешіт атынан шашу шашылып,  кәмпиттер үлестірілді.

 

 

 

0 пікір