АУЫЛ МЕШІТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН
АУЫЛ МЕШІТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН
27.12.2021 10:42
271
0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық қала, ауыл, аудан мешіттері түрлі деңгейде рухани және спорттық шаралар көптеп ұйымдастырды. Солардың бірі Ертіс ауданы, Ағашорын аулының мешіті, имамы-Какимов Амантай.

Өткен аптада аталмыш мешіттің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары  мен  ауыл жастары арасына аудандық  еркін күрес турнирі өткізілді. Турнирге ауданға қарасты барлық ауылдан   спортшылар қатысып, әртүрлі салмақ  бойынша күш сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кәсіпкер-демеушілер арқылы сый-сияпаттар берілді.

Турнирді қорытындылаған салтанаттты шарада  ауыл имамы Какимов Амантай шараның  ретті де сапалы ұйымдастырылуына ат салысқан барлық адамдарға, жанкүйерлерге, спортшыларға алғысын айтып, марапттарын табыстады.

 

0 пікір