Ауыл мешітіндегі игі шара
Ауыл мешітіндегі игі шара
14.05.2019 14:16
245
0

«Қожамжар аулы, «Бекбау ата» мешітінде Құран оқып үйрену және намаз сабақтары үздіксіз жүріліп келеді. Сабаққа мешіт шәкірттері де белсене қатысады. Биылғы қасиетті Рамазан айы қарсаңында діни сауат ашу курсының шәкірттері  Сансызбай Нұрдәулет пен Нөгер Ералы дейтін балалар Құранды жүзінен оқитын дәрежеге жетті. Шәкірт саны күн санап көбейіп келеді. Оқушылардың алдағы жазғы каникулінде сауат ашу курсы жұмысы  бұдан да қарқынды жүрілетін болады. Біз ол курсте   имандылық, көркем мінез, жақсылық, мейірімділік қатарлы  мұсылман адамның тәлім-тәрбиелік бағытындағы сабақтарды жүргізетін боламыз.  Жуырда ұлы жеңіс мейрамы қарсаңында ауыл мәдениет үйінде өткен  екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу шарасында мешіт шәкірттерімен бірге қатысып,, шейіттерге Құран бағыштадық»,-дейді аталмыш мешіт имамы Нұртанов Дәурен Оразбекұлы.

 

 

 

0 пікір