Ауыл жастарымен кездесу
Ауыл жастарымен кездесу
15.02.2019 14:56
1307
0

Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші әрі жарқын болашақ бастауы ­– жастар.

         Осыған орай Павлодар ауданы, Ленин кентінде орналасқан «Ысқақ хазрет» мешітінің имамы Қайрат қажы Денденұлының ұйымдастыруымен Ленин кенттік мектеп оқушыларына арнайы «Ел болашағы - жалынды жастар»  тақырыбында кездесу өткізілді. Уағызды «Ақмешіт» мешітінің наиб имамы Клышев Әбілқайыр хазірет Омар (р.а.) жеткізген мына бір хадиспен бастады: «Дүниенің ләззаты мен сауық-сайранын тәрк етіп, жастық шағын бір Аллаға мойынсұнумен өткізген әрбір жасқа жетпіс екі сыддықтың сауабы беріледі. Содан кейін Алла Тағала ол жасты мақтан тұтып, оған былай деп тіл қатады: Әй, Мен үшін нәпсіқұмарлығын тыйған жас! Әй, бүкіл жастық шағын Маған арнаған жас! Сен Менің дәргейімде базбір періштелерім сияқтысың».  Арықарай имам Әбілқайыр Қазыбекұлы жеткіншектерге оқу, білім, өнер, тәлім-тәрбиеге қатысты кең көлемде тұщымды уағыздар айтты.

         Келесі кезекте отырысқа қатысқан 9, 10, 11 сынып жеткіншектері көңілді  спорт ойындарымен  жалғастырды. Волейбол ойыны  оқушылар және мешіт  қызметкерлері арасында өткізілді. Алдағы уақытта жастар арасында осындай   кездесулер жиі өткізіліп тұру көзделуде. 

 

              

Қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір