Ауыл балалары сүндетке отырғызылды
Ауыл балалары сүндетке отырғызылды
15.07.2016 11:11
3041
0

Ер баланы сүндетке отырғызу - Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті. Бұл жөнінде хадисте Алла Елшісі Хасан мен Хусейн туылғаннан кейін жетінші күні оларды сүндетке отырғызды, - деген (Әл-Муджам ас Сағир ат-Табарони).

Қазақ халқы сүндеттеу дәстүріне ерекше көңіл бөлген. Ұл балаларды 3 не 5 жасында сүндеттеп, мүмкіндігінше ағайын-туысын шақырып, дастархан жайған.

Шәууәл айында Лебяжье ауданың бас имамы Мақсат Ибраевтың ұйымдастыруымен «Ғабдул-Уахит» хазірет атындағы мешітте ұл балаларды сүндетке отырғызу рәсімі өтті. Балаларды сүндетке отырғызу рәсімі алдында қасиетті Құран аяттары оқылып, жас бүлдіршіндерге бата берілді. Балаларды сүндетке Павлодар қаласының «Мирас» пансионатынан келген ұстаздар отырғызды.

Сүндетке отырғызу халқымыздың салты ғана емес,  медицина жағынан да денсаулыққа пайдасы зор шаруа екенін айтып өткен жөн. 

0 пікір